«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тарихи демалыс

Оқушылардың жазғы демалыстарын көңілді өткізулері үшін облысымызда жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Білім мекемелерімен қатар мәдени ошақтарда да кішкентайлар үшін түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Тәрбиелік мәні зор кездесулерді өткізіп, балаларды тарихпен тоғыстыру жұмыстарына облыс орталығындағы “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінің қызметкерлері де белсене қатысуда.

Жақында аталмыш кешенде “Еркем-ай” жазғы алаңқайы ашылып, балаларға қуаныш сыйлады. Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан жақсы дәстүр бойынша мұнда қала мектептерінің оқушылары жиналды. Олар ойлау қабілеттерін шыңдайтын түрлі ойындарға қатысып, өнерлерін ортаға салуға мүмкіндік алды.

– Жазғы алаңқай бір ай бойы жұмыс істейді. Біздің мақсатымыз – балаларға тәрбиелік мәні зор тақырыптарды ойын арқылы жеткізіп, уақыттарын қызықты өткізуді ұйымдастыру, – дейді “Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенi көпшiлiк-экскурсиялық бөлiмiнiң меңгерушiсi Әсемгүл Қыдыбекова.

“Еркем-ай” жазғы алаңқайында балалар үшін түрлі сахналық көріністер қойылып, тағылымы мол әсерлі әңгімелер де айтылады.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp