«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

“Халыққа қызмет көрсету орталығы” республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бұйрығымен Руслан Жұмабайұлы Шамшиев Халыққа қызмет көрсету орталығының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры болып тағайындалды.

Руслан Шамшиев 1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2002 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің заң факультетін “Шетел тілін білетін кеден ісінің маманы” мамандығы бойынша тамамдаған. Бұдан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білімін жалғастырды. Ол “Мемлекеттік және жергілікті басқару” магистрі ғылыми дәрежесіне ие.

Руслан Жұмабайұлы біраз жылдар банк саласында, кедендік бақылау, прокуратура органдарында еңбек етті. Осы қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласы бойынша мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында бөлім басшысы қызметін атқарды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp