«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тағайындау

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен Тасмұрат Қатқадамов Солтүстік Қазақстан облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Тасмұрат Оқанұлы 1959 жылы Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Бор-Фарпост селосында туған. Ол Павлодар индустриялды институтын, Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автокөлік-жол университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1974 жылы Павлодар облысының “Майқарағай” кеңшарында механизатор болып бастады.

1986-2001 жылдары – “Спесетьстрой” тресінің учаске мастері, бөлім бастығы, Москва қаласындағы “Анфострой” жауапкершілігі шектеулі қоғамы бас директорының орынбасары.

Екі жыл Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінде болды.

2003-2014 жылдары “Корпорация Трансстрой” ашық акционерлік қоғамы директорының орынбасары, “Ространсстрой” ЖШС директоры, “Қазақстан вагон жасау компаниясы” ЖШС бас директорының қызметкерлердің құрамын және режімін басқару жөніндегі орынбасары, “ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы” АҚ Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары, “ҚазАвтоЖол” Ұлттық компаниясы” АҚ ақылы автокөлік жолдары директоры қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензия беру басқармасы жетекшісінің міндетін атқарды.

2015 жылдан осы тағайындауға дейін “aympConstruction” ЖШС директоры лауазымында болды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp