«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҒДЫРЫ СОҢҒЫ ТУРДА ШЕШІЛЕДІ

Футболдан Премьер-лига командалары арасында 32-ші тур ойындары өтті. “Қызылжар” командасы өз алаңында шымкенттің “Ордабасысын” қабылдады.

Қарсылас команданың ойыншысы Жасұлан Молдақараев мергендік танытып, командасын алға шығарды. Көп ұзамай қызылжарлық Тимур Молдинов мергендік танытып, таразы басын теңестірді. Жеңіс голы төреші қосқан қосымша минутта соғылды. Шымкенттіктердің арасынан Неманья Коич “Қызылжардың” қақпасынан саңылау тауып, командасын алға шығарды. Есеп 1:2.

Осылайша, “Қызылжар” турнир кестесінде он бірінші орынға сырғыды. Енді маусымның соңғы ойынын сырт алаңда қостанайлық “Тобыл” командасына қарсы өткізеді. Жерлестеріміз жеңіліс тапқан жағдайда Премьер-лигадан шығып қалмақ.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp