«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАҢДАЙЫНА ТАТЫМАПТЫ

Мамлют ауданындағы учаскелік инспектор “Opel Frontera” көлігін тоқтатады. Осыдан төрт ай бұрын ішімдік ішіп алып, көлік жүргізгені үшін жазаланған 43 жастағы ер адам тағы да мас екен. Бірақ бұл жолы ол есірткі қолданғаны анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Көлігі тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Оған енді жүргізуші куәлігі мүлдем берілмейді.

Жыл басынан бері өңір полицейлері бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғанымен, мас күйінде рөлге отырғандарға қатысты 9 қылмыстық іс қозғады. Олардың бесеуі заңнамадағы өзгерістер күшіне енгеннен кейін ұсталған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp