Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2019 жылдың соңында “Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің Қызылжар аудандық Мәдениет үйі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында субсидияларды пайдалану, жалақы және коммуналдық төлемдерді есептеу мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара жүргізді.
Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 5 740,6 мың теңге көлеміндегі жалақының және 9,2 мың теңге міндетті зейнетақы жарнасының артық аударылғаны анықталды.
“Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы”, “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы” Заңдарының талаптары бұзылып, жалпы сомасы 687,9 мың теңге қызметкерлерге есептелген міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар, кәсіподақ мүшелерінің жарналары, жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық жүргізілмеген.
Сонымен қатар Еңбек кодексінің талаптары бұзылып, қызметкер жұмыстан шыққанда 45,0 мың теңге мөлшерінде пайдаланылмаған демалыс өтемақысы және төрт жұмыс күнінің жалақысы есептелмеген және төленбеген. Осылайша, мемлекетке жалпы сомасы 5 749,8 мың теңге шығын келтірген. Бұл заң бұзушылықтар лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті бақылаудың болмағанын көрсетеді. Аудит материалдары қажетті шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.
Талғат КЕНЖЕБАЕВ,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы.