Есіл ауданындағы Чириковка ауылында шыққан өртке сөндірілмей қалған темекі тұқылы себеп болды. Ең өкініштісі, тілсіз жау үй иесі – 1946 жылы туған ер адамның өмірін жалмады. Зейнеткер бұл үйде жалғыз өзі тұрып келген.
Явленка ауылындағы өрт сөндіру бөлімі Чириковкадан 17 шақырым қашықтықта орналасқанымен, өрт сөндірушілер жедел жетіп, бір сағаттың ішінде қызыл жалынды ауыздықтады. Өрт салдарынан үйдің төбесі мен едені, жиһазы зардап шекті.
Айта кету керек, желтоқсан айының соңында ғана өрт сөндірушілер дәл осы үйге келіп, алдын алу жұмыстарын жүргізген еді.