Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің қызметкерлері судағы оқыс оқиғалардың алдын алуға арналған шараларды белсенді жүргізуде. Оны жүзеге асыруға “Суда құтқару қызметі” мемлекеттік бөлімінің күштері мен құралдары, аудандық ішкі істер бөлімдерінің офицерлік құрамы жұмылдырылған. Облыстың су айдындарындағы адамдардың демалысы ұйымдастырылмаған орындарда үнемі халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізіледі (әңгімелесулер, жадынамалар тарату), тыйым салу белгілерін, адамдар қаза болған жерлерге ескерткіштер мен азагүлдерін қою, облыста суда шомылу кезеңі басталысымен БАҚ-тарда алдын алу шаралары ұйымдастырылады.
Қалай десек те, су айдындарында төтенше жағдайлар орын алып жатады: демалу барысында “ащы суға” қызып алған топтың теңіз тізесінен келіп, қай істен де қаймықпайтын әрекеттерге баратын кездері де кездеседі. Бұған қоса жастардың кімнің мықты жүзгіш екендігіне бәстесіп, сынасатын сәттері де орын алып жатады. Әйтеуір, департаменттің құтқарушылары әрдайым көмекке келуге әзір. Өткен аптада суда құтқару қызметінің көмегімен 26 адам жан сақтап қалды (жыл басынан бері бұл тізім 35 адамды құрады).
Петропавл қаласының Есіл өзені мен Пестрое көліндегі суда құтқару қызметі (СҚҚ) қарауындағы жағажайларда құтқарылғандардың саны одан да көп. Өзен-көлдер мен тоғандардағы судың құрбаны болған бес солтүстікқазақстандық үшін өткен апта өмірлерінің соңғы күні болғанын тағы да атап айтқымыз келеді.
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің суда құтқару қызметінің мамандары тағы да қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.
Бақытсыз жағдай бола қалса, көмекке асығыңыз, батып бара жатқан адамға суға батпайтын кез келген затты лақтырып, 112 телефонына қоңырау шалып, құтқарушыларды шақырыңыз.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы.