«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕХНИКА ТІЛІНЕ ЖЕТІК

Нұрсұлтан Ғапыржанов – мұнай-газ саласына қажет бөлшектер шығаратын “Мұнаймаш” акционерлік қоғамында табысты еңбек етіп жүрген жас мамандардың бірі.

Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжін машина жасау технологиясы мамандығы бойынша тамамдаған ол еңбек жолын осы кәсіпорында бастады. Өзіне сеніп тапсырылған істі тыңғылықты атқаратын жас маман ұжымда сыйлы. Соңғы жылдары техникалық жаңғыртулар жүргізіліп, кәсіпорынға өнімділігі жоғары станоктар қойылуда. Заманауи құрылғылар негізінен Нұрсұлтан сияқты жас мамандарға сеніп тапсырылған.
– Зауыттың еңбек өнімділігін арттырып, жаңа өнімдер шығаруға мүмкіндік беретін станоктар біздің жұмысты біршама жеңілдетті. Ұжымда мен сияқты жастар көп. Біз көпжылдық тәжірибелері бар ағаларымызға қарап бой түзейміз. Өз кезегімізде аға буын өкілдеріне жаңа құрылғыларды меңгеруге көмектесеміз, – дейді жас маман.
Былтыр 3 млрд. теңгенің өнімін шығарған зауытта 148 адам үш ауысыммен жұмыс істейді. Олардың орташа айлық еңбекақысы – 153 мың теңге. Мұнай-газ саласында өзіндік орны бар зауыт отандық және шетелдік компаниялармен бірнеше миллиард теңгенің келісімшартын жасады. Зауыт басшылығы биылғы жылы құбырларға термикалық өңдеу жұмысын жүргізетін цехты іске қосуды жоспарлауда. Ал оған қажетті құрал-жабдықтар Ресей Федерациясынан жеткізілмек.


Қанат АТАМАНОВ,
“Soltústik Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ: Н.Ғапыржанов жұмыс үстінде.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp