«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕҢ НӘТИЖЕМЕН ТҮЙІНДЕЛГЕН ТЕКЕТІРЕС

«Қарасай» стадионында өткен Қазақстан кубогының жартылай финалдық кезеңіндегі тартысты ойын жанкүйерлердің зор қызығушылығын тудырды. Алаң иелері – «Қызылжар» мен шымкенттік «Ордабасы» командалары арасындағы матч 0:0 есебімен аяқталды.

Ойын басталысымен-ақ қос тарап та сақтықты серік етіп, қорғанысты басты назарда ұстады. «Қызылжар» ко­мандасы өз алаңында жанкүйерлерін қуантуды көздегенімен, қарсылас шебін оңайлықпен бұза алмады. Ал «Ордабасы» тәжірибелі ойыншылары арқылы қысымды үдетіп бақты.

Матч барысында бірнеше қауіпті шабуылдар жасалғанымен, қақпашы­лар өз шеберліктерін танытып, есепті ашуға жол берген жоқ. Екі команда ойыншыларына бірнеше рет ескерту жасалды: петропавлдықтар сапынан А.Козленко мен Р.Валиуллин, ал «Ор­дабасыдан» Э.Мораеш пен А.Васильев сары қағаз алды.

Тактикалық тұрғыда командалар өз ойын мәнерінен тайған жоқ. Қос ұжымның да орта алаңдағы ойын өр­негі жақсы ұйымдастырылды. Алайда шешуші сәттерде соңғы пас дәл шық­пай, шабуылдар нәтижесіз аяқталып отырды.

Тең есеппен аяқталған бұл кездесу – екі команданың да финал жолын­дағы тартысы әлі де жалғасатынын көрсетеді. Қай команда келесі кезеңде жеңіске жетіп, Қазақстан Кубогының финалына жолдама алатыны алдағы уақытта белгілі болмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp