«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТОЙЫП” СЕКІРІП, ТОРҒА ТҮСТІ

Облыстық ішкі істер департаменті экстремизммен күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Қанат Әмрин Айыртау ауданының бір тұрғынының қиянкестік әрекеті туралы баяндап, соның лаңынан түн ішінде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері екі аяғынан тік тұрғанын айтты.

Оқиға былай болған: түн ортасына таяған уақытта белгісіз біреу төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке Арықбалық ауылындағы дүкенге жарылғыш зат қойылды деген хабар түсіреді. Тәртіп сақшылары бірден аталған жерге жетіп, дүкенді және оның айналасындағы аумақты түгел шарлап, жарылғыш затты таппаған.

Ал жалған хабарды ұялы телефон арқылы Арықбалық ауылының 28 жасар тұрғыны айтқаны белгілі болды.

Ұсталған азаматтың айтуынша, ол сол уақытта «Энергетик күнін» тойлапты. Қызу үстінде аталған қылмысқа жол берген. Психологтердің айғақтауынша, мұндай әрекетке көп ретте өздеріне жұрттың назарын аударғысы келетіндер баратын көрінеді.

Өткен жылдың ішінде осындай 6 жалған хабар түсіп, құтқару қызметтерінің сарбаздары жоқ жерден екі аяғынан тік тұрса, қарапайым азаматтар да алаңдап, соның зардабын тартты.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp