Халықаралық әйелдер күніне орай ауданымыздың “Патриот” жастар ұйымы “Әйелдерді құрметтейік!” атты акция ұйымдастырды. Жастар орталық көшелерге шығып, жолдарында кезіккен әр әйелге естелік сыйлықтар беріп, жанға жылу беретін тілектерін айтты. Тосын сыйдан терең толғанысқа бөленген нәзік жандар да қуаныштарын білдірді.
Бұл күні ананы дәріптеуді, әйел адамды құрметтеуді ұран еткен жастардың бойында да сүйіспеншілік пен адамгершілік оты лаулады. Олар жолдарында кезіккен әр әйелден немесе арудан анасы мен бауырын көргендей сезімдерін өлең жолдарымен білдірді.
Мұндай акция ауданда алғашқы рет өткізілді. Аналар мен арулардың қуанышты жанарлары аталмыш шараны олардың оң бағалағандығының айғағы еді.
Уәлиханов ауданының
Ішкі саясат бөлімі.