Тайынша ауданының Ильичевка ауылындағы («Тайынша Май» ЖШС аумағында) газ жинағышта жарылыс болып, сол маңда тұрған Volvo маркалы газ таситын көлік өртке оранды. Салдарынан тоғыз адам зардап шегіп, сегізі ауруханаға жатқызылған.
Оқыс оқиға орнына өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет өкілдері жедел жетіп, бірлескен күштің арқасында өрт тез арада өшірілді.
Қазір өрттің шығу себептері мен жарылыстың мән-жайы анықталуда. Жиналған материалдар аудандық төтенше жағдайлар бөліміне жолданып, құқықтық баға беріледі. Куәгерлердің айтуынша, газ құю кезінде шланг үзіліп кетіп, оның соңы қайғылы жағдайға ұласқан.
Самрат ҚҰСКЕНОВ,
«Soltüstık Qazaqstan».