Облыстық филармонияның әншісі, өнер колледжінің оқытушысы Юлия Стадухина өңір тұрғындарына онлайн режімінде “Летнее настроение” атты жеке концертін ұсынды.
Пандемия кезінде өнерсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлауға тырысқан өнерпаз танымал джаз әншісі Элла Фицджеральдтің аңызға айналған “Angel eyes” туындысын орындады. Кеш барысында Юлия өз тыңдармандарын қазіргі қиын жағдайға орай барлық сақтық талаптарын ұстануға шақырды.
Облыстық филармонияның директоры Ботагөз Ақмағамбетованың айтуынша, Қызылжар өнерпаздары карантин жағдайына қарамастан көрермендерін ұмыт қалдырмайды. Өнер иелері демалыс күндері жергілікті “Qyzyljar” телеарнасында да концерт беріп, әлеуметтік желілер арқылы тыңдармандарына түрлі шығармашылық кештер ұйымдастырып келеді.
Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústik Qazaqstan”.