«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРКИЯЛЫҚТАРҒА КӨҢІЛ АЙТТЫ

Қазақстан Президенті Сома қаласының маңындағы шахтадағы жарылыстан көптеген адамдардың қаза болуы мен зардап шегуіне байланысты Түркия республикасының президенті Абдулла Гүлге көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтіп, қайтыс болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, шахтадағы апат кезінде жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестігін білдірді.

ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp