«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТРИУМФ

Түркістан қаласында Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі, режиссер, көрнекті театр және кино актері Құрманбек Жандар­бековтің 120 жылдығына арналған «Қазақтың Құрманбегі» атты І республикалық театрлар фестивалі өтті.

Мәдени шараға еліміздің 13 театры қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Тал­ғампаз көрерменге «Мөлдір махаббат» драмалық қойылымын ұсынған Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ саз­ды-драма театры бас жүлдені жеңіп алды.

– Сәбең театры – жас актерлердің ұстаханасына айналған мәдениет ошағы. Актерлер «Мөлдір махаббатты» өте жоға­ры деңгейде сахналады. Өнер адамдары: «Нағыз режиссура – мазмұн мен форма­ның үйлескен сәті» деген сөзді жиі айта­ды. Шеберлік пен ішкі түйсіктің үйлес­кен сәтін осы спектакльден көрдім. Асылхан Рәзиев пен Дүйсехан Қасым­ның өнеріне тәнті болғанымды баса айт­қым келеді. Кез келген детальдан көркем дүние шығара алған режиссердің талға­мына дән ризамын, – деді қазылар алқа­сының мүшесі, театртанушы, профессор, Халықаралық театр сыншылары бір­лестігінің мүшесі Меруерт Жақсылықо­ва.

Екі жастың махаббатын арқау еткен көркем туынды Айдар Заббаровтың режиссерлігімен сахналанып, жазушының мерейтойы қарсаңында көрермендерге жол тартқан болатын.

Аталмыш фестивальге «Шокан. Мо­нолог шепотом» спектаклімен қатысқан Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры да жүлделі қайтты. Баатыр­бек Шамбетовтың режиссерлігімен сах­наланған қойылымда Шоқан рөлін сом­даған театр әртісі Константин Демидов «Ең үздік ер адам бейнесі» аталымында жеңімпаз атанды.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp