«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ ЕСКЕРІЛЕДІ

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі әрбір азаматқа мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге және қолжетімді цифрлық мемлекет құруға өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін «Тыңдау» бірегей жобасын іске қосты. Бұл – ерікті-қолданушылардың пікіріне құрылған жоба. Оған қатысу үшін алдымен электронды қызметті алу талап етіледі және tyndau.kz сілтемесі бойынша онлайн-сауалнамада жауаптарды белгілей отырып, әрбір қадамға баға беру қажет. Бұл реттегі негізгі мақсат – мемлекеттік қызметке шағым жинау емес, түйінді тұстарды анықтап, тиімді кері байланыс орнату. Жинақталған ұсыныстарға талдау жасалып, қажетсіз қадамдарды жою, халықтың мемлекеттік қызметтерді алу процестерін жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар берілмек. 

 Өткен аптада іске қосылған «Тыңдау» жобасын пробациялау мақсатында екі қызмет таңдап алынды. Олар – төлқұжат пен жеке куәлік алу қызметі. Қазіргі уақытта тұрғындардан ұсыныстар жинау жалғасуда. Мәселен, «Электронды үкімет» порталында жұмыс үрдісін жақсарту үшін автоматты түрде теру және тек ЖСН-ді енгізген кезде азаматтың деректерін (аты-жөні, туған жылы мен жері) тартуға қол жеткізетін арнайы қосымшалар, сканерленген құжаттар мен фотосуреттерді жүйеге қажетті форматтарға автоматты түрде түрлендіруге арналған көмекші қосымшалар бойынша ұсыныстар әзірленді. Сондай-ақ автоматтандырылған қызметтердің жұмысқа қабілеттілігін тестілеу, ЭЦҚ немесе бір рет қолданылатын пароль көмегімен авторизациялау немесе қол қою кезінде туындайтын ақауларды анықтау жүргізіледі. Ұсыныстар «Электронды үкімет» порталындағы, мобильдік нұсқасы мен телеграмм боттағы жұмыстың бейнежазбалары мен жұмыс беттерінің скриндері түрінде енгізіледі.
Алдағы уақытта электронды қызметтер бойынша тиісті материалдардың жиналуына қарай азаматтардың ұсыныстары мүдделі органдармен бірлесіп, пысықталатын болады. 


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp