«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰТАС ДӘУІР ТАРИХЫН ХАТТАҒАН

Ел Тәуелсіздігінен бері “Солтүстік Қазақстан” деген атпен жарық көріп келе жатқан қазақ үнді басылым маған студент кезден жақсы таныс. Ал “Лениншіл жаста” (қазіргі “Жас Алаш”) жұмыс істеген кезімде “Ленин туы” атауы жүрегіме жылы тиіп, құлағыма жылы естілетін болды. Өйткені, Қызылжар өңірінен газетіміздің қыж-қыж қайнаған күнделікті қарбалас тіршілігіне өзіндік үн қосып, ұшқыр ойларымен, жүрдек қаламдарымен дараланған материалдар жүйелі жолданатын. Мақала авторларының дені Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаев негізін қалаған, басшылық еткен қарашаңырақта істейтін кәсіби журналистер болатын.

Байырғы басылымның ұлт мінберіне айналуына зор үлес қосып, өшпес із қалдырған қаламгерлердің бір шоғырымен “Егемен Қазақстанда” жолымыз тоғысып, қандайда құрметке лайық екендіктерін дәлелдей білді.

Иә, 95 жылдық тарихы бар басылымның бұл мерейтойы облыс қана емес, еліміздің мәдени-рухани өмірінде айтулы оқиға саналары анық. Қызылжар өңірінің тұтас дәуір шежіресін хаттап, ұлттық мінберіне айнала білген, бүгінде ел Тәуелсіздігіне қызмет ету жолында тынымсыз еңбек етіп келе жатқан теріскейдегі қаламдастарымды “Егемен Қазақстан” газетінің ұжымы атынан шын жүректен құттықтай отыра, шығармашылық табыс тілеймін!

Жанболат АУПБАЕВ,

республикалық

“Егемен Қазақстан” газетінің

вице президенті-бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp