«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН

Қазір қоғам күн санап өзгеруде. Бағдар­ла­ма­лық мақаласында Ел­ба­сымыз әлемде бағыты әлі бұ­лыңғыр, жа­ңа тарихи кезең бас­тал­­ғанын айт­қан болатын. Бірақ көш басын­да­ғы елдермен иық тү­йістіру үшін ұлт­тық бол­мыстан ажы­рап қал­мау маңызды. Яғни, ұлт­­тық кодты сақ­тап, сананы жаң­ғырту керек. Ата­дан балаға мир­ас болған ұлт­тық салт-дәстүрді ал­дағы өркен­деудің берік діңі ретін­де қа­рас­т­ыр­ған абзал деп ойлай­мын. Тұңғыш Пре­зидентіміз Нұр­сұл­тан Назар­баев аталмыш ма­қа­лада: “Бола­шақ­та ұлттың та­быс­ты болуы оның табиғи байлы­ғы­мен емес, адамдардың бәсеке­лік қабілеті­мен айқындалады”, – де­ген бола­тын. Бұл – нақты әрі орын­ды айтыл­ған ой.

Қазір елімізде білім алуға, са­ла­матты өмір салтын ұстануға, кә­сі­би тұрғыдан жетілуге мүм­кіндік бар. Осы мүмкіндікті жастар тиімді пай­далануы тиіс. Әрбір адам ой­ла­­ған арма­нына, көздеген мақса­ты­на қол жеткізуге ты­ры­суы керек. Сон­да біз табысты елге айнала­мыз. Та­бысты болудың ең басты факторы – бі­лім. Сондықтан білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Бірақ ұлттық жаңғыру жо­лын­да білімнің шыңына ұмтылыс жа­сауда ұлттық бірегейліктен ажы­рап қалмау да маңызды. Көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ ұлттық бол­­мыс­тан қол үзбеуі тиіс. Ұлттық салт-дәстүр, тіл, әде­биет, музы­ка­мыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс. Осыны шәкірттердің са­насы­на сі­ңі­­руге күш салудамыз. Ба­тыс­тың емес, өзіміздің ру­хани мә­де­ние­ті­мізді насихаттауға басым­дық берудеміз.
Таяу жылдардағы міндеттер белгіленген “Рухани жаңғыру” ат­ты бағдарламалық мақа­лада қо­ғам­дық сананы жаңғыртудың не­гізгі қа­ғидаларын қалыптастыру­ды ғана емес, біздің заман сына­ғы­­на лайықты төтеп беруімізге қа­жетті нақты жобаларды жүзеге асы­­­руымыз­ды талап ететіні ай­тыл­­­ған. Ал қоғамдық сана­ның жаң­ғыруы тәрбиеден бастау алады. Әсі­­ресе, өскелең ұрпақтың бо­йын­да отаншыл­дық рух қалыптас­ты­ру­да білім беру ұйымда­рында пат­риотизмді насихаттайтын іс-ша­ра­ларға ерекше назар аудару ке­рек. Бұл бәрі­мізге қатысты. Та­йын­ша ауданындағы Драго­ми­ров­ка орта мектебінде “Туған жер” бағ­дар­ла­масын жалпыұлттық пат­рио­тизм­нің өзегіне айналдыру мақ­­са­тын­да нақты жұмыстар атқарылуда.
Әр адам өзі туып-өскен өңірінің тарихын бі­луі тиіс. Туған елге сү­йіс­пеншілік туған жерді құр­мет­теу­ден бастау алады. Бұл орайда, қа­зақ тілі мен әдебиеті, тарих, геог­ра­фия пән­дері апталығында шә­кірттердің бойында ел­жан­ды­лық қасиет қалыптастыру мақса­тында тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар өткізілгенін айта кеткен жөн. Со­ны­­мен қатар аға ұрпақты құрмет­теу­­дің қаншалықты маңыз­ды еке­нін ай­­тып, жас құрақтай өсіп келе жат­қан жеткін­шектердің бойына асыл қасиеттерді сіңіріп, та­рихқа тағзым ету мен дәстүрді сақ­тауды әңгіме арқауына айнал­дырдық.
Бүгінгі оқушы – ертең елді алға сүйрер бі­лікті маман. Сондықтан жыл басынан бері мек­тепте түлек­тердің мамандықты дұрыс таң­да­уы­на ықпал ететін сыныптан тыс ша­ралар ұйымдастырылды. Кол­ледж және жоғары оқу орындары өкілдерімен кездесулерде оқушы­ларға кәсіби бағыт-бағдар берілді. 9-11-сынып түлектері үшін Көк­ше­­тау, Петропавл қа­лаларында­ғы оқу орындарына ұйымдасты­рыл­ған экскурсиялар да өз нәти­жесін бе­руде.
“Рухани жаңғыру” бағдарлама­сы­ның тәрбие және білім беру ба­ғытын жүзеге асыру үшін мектебі­мізде түрлі іс-шаралар өткізілді. Мәселен, “Мен – өз елімнің пат­риотымын” та­қырыбында “дөңге­лек үстел”, “Менің елім – Қа­зақ­стан!” атты көрме мен өзге де ша­ра­ларға ұстаздар, оқушылар жә­не ата-аналар бел­се­не қатысты. Бір­лескен іс-қимыл нәтижесінде мек­теп ұжымының жұмысы аудан дең­гейінде жақсы бағаға ие болды. Бұл ұжымның ғана емес, бізге әр­қа­шан қолдау білдіретін ата-аналардың еңбегі екенін де атап өткім келеді. Тәрбиелік мәні зор іс-шаралар мектебімізде одан әрі де жал­ғасын табады. Қазір елі­мізде орын алған қиындықтарға қара­мас­тан, ұстаз­дар өздеріне артыл­ған сенімді ақтауға әзір. Өйткені, жас ұрпаққа сапалы білім ғана емес, саналы тәрбие беру – ұстаз­дар қа­уымының басты міндеті.

 

Гүлмира ТІЛЕГЕНҚЫЗЫ,
Драгомировка орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Тайынша ауданы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp