Петропавл қаласы мен аудан орталықтарының 500-ден астам тұрғыны “Халық заңгері” жалпыреспубликалық акциясына қатысып, білікті заңгерлерден тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруды, мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуды, оларға тегін қызмет ұсына отырып, әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат еткен акцияға өңіріміздің заңгерлер қоғамдастығының үздік деген 33 өкілі қатысты. Олардың арасында СҚМУ оқытушысы, Петропавл қалалық мәслихатының депутаты Павел Афанасьев, адвокат Бауыржан Рақымжанов, сондай-ақ, Астана қаласының “STAFF & ADVICE” ЖШС-нің басшысы Аяжан Қожатаева болды.