«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАРУАЛАРҒА – ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ

«Аграрлық несие корпорациясы» жылдық 5 пайыз деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастырып жатыр. «2042 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден шамамен 239,4 млрд. теңге сомасына өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 1958 АШТӨ-ден 232,7 млрд. теңге сомаға өтінімдер қабылданды. 171,6 млрд. теңге сомасына 1396 АШТӨ қаржыландырылды», — деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның хабарлауынша, көктемгі дала жұмыстарына 700 млрд. теңгеге дейін бағытталатын болады, оның 560 млрд. теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылады. Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында диқандар өздері үшін барынша қолайлы жағдайларда қаржылық қолдау алады. Атап айтқанда, қарыздарды рәсімдеу үшін де, оларды кейіннен өтеу үшін де жүгінуге болатын қаржы институттарының саны ұлғайды.

Сонымен қатар қаржыландыру екінші деңгейдегі банктер, кредиттік серіктестіктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар және аграрлық несие корпорациясы арқылы қолжетімді болады.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp