«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАЛҒАН ДОДА

АҚШ-тың Ричмонд қаласында тас-жолдағы веложарыстан әлем біріншілігі өтті. Бәсі биік додада әлемнің үздік шабандоздары 12 медальды сарапқа салды.  

Бұл әлем чемпионатында “Astana pro team” континенталдық велокоманданың мүшелері, солтүстікқазақстандық спортшылар Алексей Луценко, Арман Қамышев және Руслан Тілеубаев, сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров атындағы “Vino 4-Ever” велокомандасының спортшылары Жандос Бижігітов, Александр Шушемоин, Степан Астафьев, Евгений Гидич және Олег Земляков сайыс жолына шықты.

Бір аптаға созылған сайыстың қорытындысы бойынша 38,8 шақырымдық жарыс жолын 42 минут 7,97 секундта жүріп өткен “Astana pro team” континенталдық велокомандасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға ие болса, дәл осы қашықтықты 46 минут 52 секундта бағындырған “Vino 4-Ever” командасы 23-ші болды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp