«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕБЕРЛІК ШЫҢҒА ЖЕТКІЗЕР

Ұлттық Дельфий комите­ті жас таланттарды қолдау мақсатында өңірімізде шебер­лік сыныптарын ұйымдас­тыр­ды. “Бәйтерек-Fest” ұлт­тық фестивалі аясында өт­кен игі шара “Азаматтық бас­тамаларды қолдау орталы­ғы” АҚ-ның мемлекеттік гран­ты шеңберінде жүзеге асы­рылды.

Талантты жастардың өнерін сарапқа салған қазылар алқасы екі күн бойы 14-28 жас аралығындағы ұл-қыздардың шеберлігін шың­­дап, ақыл-кеңестер берді. Жас­тар хореография, ым тілі, ак­терлік ше­берлік және дизайн сала­сы бо­йынша топтарға бөлініп, бар өнер­лерін ортаға салды. Жоба жетек­шісі Құралай Түсіпбеко­ваның ай­туынша, фестиваль елі­міздің түк­пір-түкпірінен талантты жас­тарды іздеу мақсатында ұйым­дас­тыры­лып отыр. Осындай мүм­кін­дікті қалт жібермеуге тырысқан­дардың бірі – “Есту кемістігі бар балаларға арналған облыстық ар­найы мек­теп-интернаты” ком­му­налдық мем­ле­кеттік мекемесі жа­нын­дағы “Sensitive” балдық би ансамблі. Өнерлі ұл-қыздар тәжіри­белі ма­мандардың ақыл-кеңесіне құлақ түріп, ым-ишара тілінде орын­­дау­шылық қабілеттерін арт­тыра түсті. Осы бағытта бар білге­німен бөлі­су­ге тырысқан кәсіби сур­доау­дармашы Хасан Исраи­лов есту мү­шесі зақымданған ба­лалардың ара­сында талантты­лардың көп екенін айтады.
– Өнерлі жас­тар қатары қалың. Мен оларға сахнада өзін қалай ұстау және ым тілінде не нәрсеге мән беру керек­тігін үйретемін. Солтүстік Қазақ­стан облысында есту қабілеті нашар балалардың арасында хореография саласын жетік мең­герген өнерлі жастар аз емес. Біз бұған түрлі конкурстар барысында көз жеткізіп жүрміз, – дейді Хасан Исраилов.
Жоба ұйымдастырушылары­ның айтуынша, шеберлік сынып­тарының қорытындысы бойынша үздік деп танылған 250 үміткер 27-28 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық сында жарысқа түседі. Солардың ішінен үздік деп танылған үш жеңімпаз Дельфий комитетінің халықара­лық шығармашылық жобаларына қатысу құқығына ие болмақ.

Гүлбике КУБЕНОВА,
“Soltústіk Qazaqstan”.
СУРЕТТЕ: шеберлік сыныбынан көрініс.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp