Елімізде бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан “Мектепке жол” акциясы қыркүйектің соңына дейін жалғасты. Булаев орта мектебінің 1-сынып оқушылары акция аясында қамқорлыққа алынып, оларға оқу құрал-жабдықтары берілді. Оқушыларды қуанышқа бөлеген №2032 әскери бөлімінің “Булаев” (теміржол) шекара бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілері болды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі №2032 әскери бөлімінің “Мамлют” (теміржол) шекара бақылау бөлімшесінің жеке құрамы жергілікті орта мектептің оқушылары арасында “Патриотизм” тақырыбында сабақ өткізді. Онда шекара қызметі туралы мағлұматтар беріліп, оның қызметі қалай жүзеге асырылатыны жайлы шекара бақылау бөлімшесінің капитаны Бауыржан Адалбеков пен аға сержант Ілияс Баяубаев әңгімеледі. Оқушыларға шекарашылар өмірінен бейнефильмдер көрсетілді.
Шара соңында шекарашылар аз қамтылған отбасылар балаларына мектеп құрал-жабдықтарын сыйлады.
Алтынгүл КУЛКИНА,
№2032 әскери бөлімнің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
Петропавл қаласы.