«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕТЕЛДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ

Шетелде жүрген қазақстандықтар Beeline байланысының тегін топтамаларын ала алады. Роумингте 2 ГБ интернет пен қоңырауға арналған 30 минут 30 күнге беріледі. Роумингте интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ елдерде Beeine абоненттері қоңырауға 100 минут алады.

Қазір Beeline-ның шамамен 2 мың абоненті Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, Италия, Франция, Германия, Испания, Швейцария, Ұлыбритания, Нидерланды, Бельгия, Швеция, Норвегия, Индия, Ирак, Филиппин және АҚШ сияқты вирус қаупі жоғары елдерде жүр. Оператор әлемдегі жағдайды бақылап отыр және жағдай шиеленісетін болса, қызмет алушылар санын көбейтуге дайын.
«Дәл қазіргідей қиын жағдайда шетелде қалған жерлестеріміздің туған-туысқандарымен байланыста болуының маңызы зор. Beeline клиенттерінің қамын ойлайды, сондықтан отандастарымызды байланыспен қамтамасыз ету – заңды қадам деп санаймыз. Минуттар мен гигабайттар топтамасы автоматты түрде беріледі, ал клиенттер топтаманың берілгені туралы SMS алады», – деді Beeline Қазақстанның маркетинг директоры Максим Цвыков.
Тарфик пен оның жарамдылық мерзімін *106# пәрмені арқылы тексеруге болады. Beeline роумингіне қосылуға болатын елдердің толық тізімімен сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://bee.gg/roamvis-s
Beeline роумингі 180-нен астам мемлекетке таралған.  

Сурет https://mobile-review.com/ сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp