«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ШАРТТАР

Президенттің тапсырмасына орай шетелдіктердің Қазақстан аумағында жүріп-тұруына қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаңтардың 11-інен бастап күшіне енді. Бұл жаңашылдықтар шетелдіктердің Қазақстан аумағына енуі, болуы және әкімшілік жауапкершілігіне байланысты.

Шекара қызметіне қатысты өзгерістерге тоқталсақ, шетелдіктерге берілетін көші-қон карточкасы күшін жойды әрі олар енді тіркелмейтін болды. Есесіне елімізге визасыз келген шетелдіктерге мерзім белгіленді. Енді олар Қазақстан аумағында уақытша тұруды ресімдеусіз 30 тәулік жүре алады. Сонымен қатар шетелдіктердің Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды. Енді олар елімізде 90 күн ғана жүре алады.
Сонымен қатар көші-қон ережесін бұзған шетелдіктерге қолданылатын әкімшілік жауапкершіліктің дифференциалды жүйесі енгізілді. Енді ереже бұзғанына 3 тәулік өтсе, ескерту жасалады, ал 3 тәуліктен асып кетсе, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. 5 тәуліктен артық заңсыз жүрген шетелдіктер – 15 айлық есептік көрсеткіш, 10 тәуліктен асырғандар 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі немесе ел аумағынан шығарылады. 

Александр ВОЛКОВ,
2032 әскери бөлімінің аға офицері.

Сурет https://liter.kz  сайтынан алынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp