Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жедел деректеріне сәйкес кешегі күнге дейін облыстағы 3274,2 мың гектар дәнді дақылдардың 2789,1 мың гектары немесе 85,2 пайызы орылды. Егін алқаптарының 2604,0 мың гектары немесе 79,5 пайызы бастырылды. Жиналған астық 3939,1 мың тоннаны құрайды, әр гектардан орта есеппен 15,1 центнерден өнім алынуда.
Дәнді дақылдар оруда Жамбыл (91,4 пайыз), Ақжар (90,2 пайыз) және Қызылжар (89,6 пайыз) аудандары алда келеді. Ал, Шал ақын (77,1 пайыз), Мамлют (78,5 пайыз) аудандарында қарқын төмен. Астық бастыруда 88,4 пайыз алқаптың астығын жинаған Уәлиханов және 83,1 пайыз танапты жинап алған Айыртау аудандары көш басында. Бұл жұмыста тағы да шалақындықтар – 67,3 пайыз және Мамлют ауданы диқандары 73,4 пайыз көрсеткішпен көш соңында келеді.
Майлы дақылдардың 349,5 мың гектары немесе 58,5 пайызы орылды, бастырылғаны – 128,0 мың гектар, ол 21,4 пайызды құрайды. Орта есеппен танап шығымдылығы 11,7 центнерден айналуда. Гектар басынан 187 центнерден өнім беріп жатқан картоптың 25,9 мың гектары, орташа танап шығымдылығы 267 центнерді құрайтын көкөністердің 5,0 мың гектары жиналды.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы.