«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ

Өңірімізде “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл” шығармалар байқауы ұйымдастырылды. “Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” жұлдызды 25 күн акциясы аясында өткен мемлекеттік тілдегі шығармалар байқауының мақсаты – тәуелсіз Қазақстанға деген патриотизмді қалыптастырып, ел намысын қорғауға тәрбиелеу, мемлекеттік тілді сауатты меңгеруге баулу болды. Шығармалар байқауы жас ерекшелігіне байланысты 7-9-сынып, 10-11-сынып, кәсіптік мектептер мен колледж оқушылары, барлық тілек білдірушілер арасында төрт топта өткізілді.

Бір жүзге жуық өрен бағын сынаған байқаудың қорытындысы бойынша бірінші топта Шыңғыс Төлегенов, Еламан Қайырбеков, Әсем Сәлім, Умида Юлдашева, Зухра Серғалиева, Дәмежан Мержан жеңімпаз атанды. Екінші топтың үздіктері ретінде Фарида Нұрмұқанова, Алтынбек Асығат танылды. Үшінші топтың ішінде Алтынай Олжабаеваның, Людмила Тюменеваның шығармаларында Отанға деген сүйіспеншілік сезімі көркем жеткізілген екен. Төртінші топта этномәдени бірлестіктердің өкілдері Айман Еркінқызының, Мария Поздняктың жұмыстары жоғары бағаланды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp