Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаменті электр қуатына 1 кВт/ сағат үшін ҚҚС-сыз 12,34 теңге (ҚҚС-мен 13,82 теңге ) көлемінде босату тарифін енгізуге “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-мен келісімге келді. Соның ішінде жеке тұлғалар үшін босату тарифі ҚҚС-сыз 10,81 теңге (ҚҚС-мен 12,11 теңге) немесе өсімі 7 пайызды (субъектінің жобасында 12,5 пайыз) және заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 12,92 теңге (ҚҚС-мен 14,47 теңге) немесе өсімі 9,9 пайызды (субъектінің жобасында 12,7 пайыз) құрайтын болады.
Электр қуатына босату тарифі деңгейін көтерудің негізгі себептері:
– “СевКазЭнерго” АҚ-ның сатып алатын электр қуатына бағаның өсуі;
– “СҚ Тарату электр компаниясы” АҚ-ның электр қуатын беру және тарату жөніндегі қызметтеріне тарифтің өсуі;
– “КЕГОК” АҚ-ның реттелетін қызметтеріне тарифтің өсуі болып табылады.
Осы босату тарифіне негізделе отырып, жеке тұлғалар үшін тұтыну көлемдері және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін тәулік бөліктері бойынша электр қуатына мынадай жіктелген тарифтер келісілді.
Жеке тұлғалардың тұтыну көлемдеріне байланысты электр қуатына жіктелген тарифтер:
1. Электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар үшін (тұтыну көлемі – 90 кВт/сағат):
1-деңгей: (90 кВт/сағатқа дейін) 1 кВт/ сағат үшін ҚҚС-сыз 8,79 теңге (ҚҚС-мен 9,85 теңге);
2-деңгей: (90 кВт/сағаттан 170 кВт/ сағатқа дейін 1кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 12,97 теңге (ҚҚС-мен 14,53 теңге);
3-деңгей: (170 кВт/сағаттан жоғары) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 16,22 теңге (ҚҚС-мен 18,17 теңге).
2. Электр плиталарын қолданбайтын жеке тұлғалар үшін (тұтыну көлемі – 70 кВт/сағат):
1-деңгей: (70 кВт/сағатқа дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 8,95 теңге (ҚҚС-мен 10,02 теңге);
2-деңгей: (70 кВт/сағаттан 150 кВт/ сағатқа дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 12,97 теңге (ҚҚС-мен 14,53 теңге);
3-деңгей: (150 кВт/сағаттан жоғары) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 16,22 теңге (ҚҚС-мен 18,17 теңге).
Тәулік бөліктері бойынша жіктелген тарифтер:
1. 2 бөліктік тұтыну есебі жүйесіндегі жеке тұлғалар үшін:
түнгі бөліктің тарифі (сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 3,08 теңге (ҚҚС-мен 3,45 теңге);
күндізгі бөліктің тарифі (сағат 7.00 ден 23.00-ге дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 13,89 теңге (ҚҚС-мен 15,56 теңге);
2. 3 бөліктік тұтыну есебі жүйесіндегі заңды тұлғалар үшін:
түнгі бөліктің тарифі (сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 3,69 теңге (ҚҚС-мен 4,13 теңге);
күндізгі бөліктің тарифі (сағат 7.00-ден 19.00-ге дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 12,92 теңге (ҚҚС-мен 14,47 теңге);
кешкі бөліктің тарифі (сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 28,08 теңге (ҚҚС-мен 31,45 теңге).
“Солтүстік Энерго Орталық” ЖШС-і үшін электр қуатына 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 17,38 теңге көлемінде (ҚҚС-мен 19,47 теңге) босату тарифі келісімді, соның ішінде жеке тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 13,26 теңге (ҚҚС-мен 14,86 теңге) немесе өсімі 11,7 пайызды (субъектінің жобасында 15,8 пайыз) және заңды тұлғалар үшін ҚҚС-сыз 19,87 теңге (ҚҚС-мен 22,26 теңге немесе өсімі 12,85 пайызды (субъектінің жобасында 16 пайыз) құрайды.
Электр қуатына босату тарифі деңгейін көтерудің негізгі себептері:
– “Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС-нен сатып алынатын электр қуатына бағаның өсуі;
– “Көкшетау – Энерго” ЖШС-нің электр қуатын беру және тарату жөніндегі қызметтеріне тарифтің өсуі;
– “КЕГОК” АҚ-ның реттелетін қызметтеріне тарифтің өсуі болып табылады.
Тәулік бөліктері бойынша жіктелген тарифтер:
1. 2 бөліктік тұтыну есебі жүйесіндегі жеке тұлғалар үшін:
түнгі бөліктің тарифі (сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 4,56 теңге (ҚҚС-мен 5,11 теңге);
күндізгі бөліктің тарифі (сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 14,89 теңге (ҚҚС-мен 16,68 теңге).
2. 3 бөліктік тұтыну есебі жүйесіндегі заңды тұлғалар үшін:
түнгі бөліктің тарифі (сағат 23.00-ден 7.00-ге дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 6,83 теңге (ҚҚС-мен 7,65 теңге);
күндізгі бөліктің тарифі (сағат 7.00-ден 19.00-ге дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 19,87 теңге (ҚҚС-мен 22,26 теңге). Кешкі бөліктің тарифі (сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 51,45 теңге (ҚҚС-мен 57,62 теңге).
Электр плиталарын қолданатын жеке тұлғалар үшін тұтыну көлемдері бойынша жіктелген тарифтер:
1-деңгей: (90 кВт/сағатқа дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 12,84 теңге (ҚҚС-мен 14,38 теңге);
2-деңгей: (90 кВт/сағаттан 170 кВт/ сағатқа дейін) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 15,92 теңге (ҚҚС-мен 17,83 теңге);
3-деңгей: (170 кВт/сағаттан жоғары) 1 кВт/сағат үшін ҚҚС-сыз 19,90 теңге (ҚҚС-мен 22,29 теңге).
Ескерту:
Электр плиталарын пайдаланатын және пайдаланбайтын жалғыз тұратын жасы, мүгедектігі бойынша зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін меншігінде біреуден артық тұрғын жайы (пәтері) бар аталған тұлғалардан басқаларына мынадай тұтыну көлемдері белгіленген:
электр плиталарын пайдаланбайтын жеке тұлғалар үшін:
1-деңгей – 100 кВт/сағатқа дейін;
2-деңгей – 100 кВт/сағаттан 210 кВт/ сағатқа дейін;
3-деңгей – 210 кВт/ сағаттан жоғары.
Электр плиталарын пайдаланатын жеке тұлғалар үшін:
1-деңгей – 120 кВт/сағатқа дейін;
2-деңгей – 120 кВт/сағаттан 230 кВт/ сағатқа дейін;
3-деңгей – 230 кВт/сағаттан жоғары.
Облыстық табиғи
монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі департамент.