«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ – КЕҢ ӨРІС

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары тұрғындарға және бизнес субъектілеріне мемлекеттік қызметтің 52 түрін көрсетеді, оның 34 қызметі автоматтандырылған.

Электрондық түрде мемлекеттік қызмет көрсету салық төлеушінің сапалы және өте қысқа мерзімде мемлекеттік қызмет алуына мүмкіндік береді, сондай-ақ, пайдалана алатын мынадай айтарлықтай артықшылықтары бар:

– кеңседен немесе үйінен шықпай-ақ тәуліктің кез келген уақытында онлайн режімінде қызмет алу мүмкіндігі;

– кезекте тұрмастан қызмет алу жылдамдығы;

– электрондық өтініштер, салық есептемелерін толтырған кезде жедел және өздігінен қателіктерді жою мүмкіндігі;

– салық есептемелерінің және тағы басқаларының бланкілерін алуға шығынның болмауы.

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органдарының 2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету статистикасы байқатқанындай, 548344 мемлекеттік қызметтің 470002-і электрондық түрде көрсетілді. Сөйтіп, 85,7 пайыз салық төлеушілер электрондық қызметті пайдаланды, бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 4,7 пайызға және 2012 жылғыдан 17,7 пайызға жоғары.

Мемлекеттік қызметтің ең кең тараған түрлерінің бірі салық есептемесін қабылдау болып табылады, оның мемлекеттік қызметтің жалпы статистикасындағы үлес салмағы 37 пайызды алады. Сондай-ақ, 2014 жылы барлық салық есептемесінің 99,1 пайызын салық төлеушілердің электрондық түрде тапсырғанын атап өткен жөн, бұл 2013 жылғыдан 4,1 пайызға жоғары.

Сол сияқты, кәсіпкерлердің электрондық түрде патент құнының есептемелерін тапсыруы бойынша да белсенділігін атап өту қажет. Мысалы, 38761 патент құны есептемелерінің 99,5 пайызы немесе 38561 есептемесі электрондық түрде тапсырылды. 2013 жылмен салыстырғанда электрондық есеп айрысулардың үлес салмағы 19,7 пайызға өсті.

Сөйтіп, салық төлеушілер мемлекеттік кірістер органдарына бармастан, барынша көп мемлекеттік қызметті пайдаланды, мұның өзі қызмет алудың маңызды артықшылығы болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы алу мүмкіндігі бар қызмет аясын кеңейту жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі уақытта “Электрондық үкімет” веб-порталы арқылы салық және кеден қызметінің 17 түрін алу мүмкіндігі бар. Осы орайда аталмыш портал арқылы облыстың мемлекеттік кірістер органдары 2014 жылы салық төлеушілеріне 469003 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл көрсетілген қызметтің жалпы статистикасынан 85,5 пайызын құрайды.

Сөз жоқ, электрондық қызмет салық төлеушілердің жағдайын айтарлықтай жеңілдете отырып, неғұрлым сұранысқа ие бола түсуде. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметті электрондық форматқа одан әрі көшіру жұмысын жалғастыруда.

Ғалия КӨШЕНОВА,

облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp