“СевКазЭнерго” АҚ-ға қарасты кәсіпорындарда еңбек ететін қызметкерлердің балаларына арналған байқаудың қорытындысы шығарылды. Бұл шара “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің 50 жылдығына орай ұйымдастырылған болатын.
Аталмыш байқауға 5-14 жас аралығындағы балалар қатысты. Қазылар алқасы жүзге тарта баланың көркем туындысына баға берді. “Менің жылы үйім” аталымы бойынша Алена Кудерина жеңімпаз деп танылса, “50 жылы жыл” аталымында Таня Буторинаның шығармасы үздік деп бағаланды. “Болашақ энергиясы” аталымының жүлдесі Станислав Стояловқа берілді. Үміткерлер арасында 5 жастағы Настя Гладикова сияқты балауса талапкерлер де болды. Байқауға қатысқан барлық бала сыйлық алды.
– Әр сурет бір-біріне ұқсамайды, қызықты. Сондықтан қазылар алқасына таңдау жасау оңай болған жоқ. Ең бастысы – балалар өздерінің ата-анасы жұмыс істейтін кәсіпорындардың немен айналысатынын жақсы біледі екен. Олар энергетиктердің жұмысы қаншалықты маңызды екенін түсініп, өз ойларын шығармашылықтарында айқын көрсеткен, – деді қазылар алқасының құрамында болған “СевКазЭнерго” АҚ бас есепшісі Татьяна Алексеевене.
Александр СЕМЕНЧУК,
жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім
басшысының міндетін атқарушы.