«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Іздеуде жүргендер анықталды

Тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ, қаңғыбастықпен және қайыр сұраумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында өткізілген “Бомж” жедел-алдын алу шарасы барысында іздеуде жүрген азаматтар анықталды.

Екі күн ішінде Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің қабылдау-тарату бөліміне 130 адам жеткізілсе, 13-інің құжаттары жоқ. Олардың алтауы ТМД елдерінен келсе, қалған жетеуі – жергілікті тұрғындар.

Іздеуде жүрген екі адам мен іс-түзсіз жоғалғандар тізіміндегі бір азамат және бір мемлекеттік борышкер де осы шара барысында анықталды.

Жыл басынан бері басқарманың қабылдау-тарату бөліміне 975 адам жеткізілген. Олардың 114-інің құжаты болмаған.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз

қызметінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp