«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІСКЕР ЖАНДАРҒА ПАЙДАЛЫ КЕЗДЕСУ

Жуырда “Даму” қоры облыстық филиалының Кәсіпкерлерді қолдау қорындағы жұмылдыру орталығының кеңесшісі Қызылжар аудандық кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, “Бизнестің Жол картасы – 2020” бағдарламасының аясында өздерінің жобалары мен бизнес-ойларын жүзеге асыруды жоспарлаған аудан кәсіпкерлерімен ақпараттық кездесу өткізді.

Гүлмира ЖАҚЫПОВА,

“Даму” қоры АҚ облыстық филиалының менеджері.

Аталмыш шараны өткізудегі мақсат аудан кәсіпкерлеріне “Даму” қорының қаржылық және қаржылық емес бағдарламаларына қатысу тетіктері бойынша жеке ақыл-кеңестер беру болды.

Кездесуге қатысушыларды банктерде бар кредиттер бойынша демеуқаржы мен кепілдеме алу рәсімдері жөніндегі қадамдық нұсқамалар, сол сияқты бизнес-ойларын жүзеге асыруға кепілдендірілген қаржыландыру шарттары қызықтырды. Көптеген қатысушылар “Бизнес-Кеңесші” жобасының “Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін экспресскурсы” бойынша оқуға, сол сияқты “Іскерлік байланыстары” және “Шағын және орта бизнестің топ-менеджментіне оқыту” жобалары бойынша оқуға өтініштер берді.

– Өз жобаларын жүзеге асыруды жоспарлаған кәсіпкерлермен өткізілетін кездесулер қашанда маңызды, олар өте тиімді болып табылады, онда әншейін өткізе салу сипаты жоқ. Бұл кездесуде ауданымыздың кәсіпкерлері нақтылы жобаларын жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша пайдалы ақылкеңестер алды, – дейді Қызылжар аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Омаров.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp