«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІСКЕРЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРДІ

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының басында облыстық кәсіпкерлер палатасы 18-29 жас аралығындағы азаматтарды “Жас кәсіпкерлер мектебі” жобасына қатысуға шақырған болатын. Шараның басты мақсаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді және іскерлік бастамалары бар жастарды өз бизнесін ашуға дайындау. Бұл – теориялық дайындық, практикалық дәрістер, бизнес-жобаны қорғау және “Идеялар жәрмеңкесін” қамтитын оқыту бағдарламасы.

Аталған жобаға 25 жас қызығушылық танытып, бес күн бойы кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, бизнес-жоба әзірледі. Жобаның бір артықшылығы – дәрістер тегін жүргізіліп, қатысушыларға “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының грантын ұтып алуға мүмкіндік ашылды. Оқудың соңында 25 бизнес-жобаның ішінен үздік үшеуі іріктелініп алынды. Олар – “Мармелад” отбасылық клубы, кестелі ламбрекендердің өндірісі және күркетауық өсіру жобасы.

– Мұндай шаралардың жастарға берері мол. Бұл жобаның арқасында мен өз идеямды жүзеге асырдым. Кәсіпкерлік жолда қандай қиыншылықтар болатынын, кімнен көмек сұрау керектігін білдім. Бастысы, бұл жоба менің өзіме деген сенімімді арттырды, – дейді жобаға қатысушы Александра Агеева.

Айта кеткен жөн, жоба барысында барлығы 50 адам оқытылып, үздік алты жобаның иесі “Идеялар жәрмеңкесі” конкурсына қатысатын болды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp