«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАБЫЛ БОЛМАЙТЫН АМАЛ

Сахабаларымен бірге отырған бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді.

«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Алла Тағала жоққа санайды». Мұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.):

– Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардың бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған:

– Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда, харамға тап келгенде Жаратушыдан қорықпайды. Міне, Алла Тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp