«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЖЫЛЫҚ – ПАРЫЗ

Егер мұсылман адам қажылыққа деп жинаған қаржысын жағдайы жоқ туған-туыстарына, қария-қарттарға, жоқ-жітікке таратып берсе, оған қажылыққа барып келгендей сауап жазыла ма?

Ержан ЕСБОЛАТ.

Ақжар ауданы.

Оқырман сауалына облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы Бақтығали Тұяқбаев жауап береді:

– Қандай да бір құлшылықты орындауға міндетті мұсылман адам оны тек Алла Тағаланың бұйырғанындай етіп орындаған жағдайда ғана қарызынан құтылады. Әрбір құлшылықтың өз шарттары мен үкімдері бар. Адам үкім етілген құлшылықтың орнына басқа бір игі амалды орындау арқылы өзіне міндеттелген құлшылықтан босатылмайды. Алланың әрбір үкімінде оның құлдары үшін екі дүниеде де игілік пен даналық бар. Сонымен қатар, орындалуы міндетті әрбір құлшылық адам мойнындағы Алланың ақысы болып табылады.

Ал кедейлерге мейіріммен қарау амал дәптеріңізге садақа ретінде жазылады. Егер мұсылман кедейлерді қажылыққа бөлген ақшасынан тамақтандыратын болса, ол қажылығын өтеген болып саналмайды. Тек игі іс атқарып, кедейлерге қайырымдылық танытып, ақша берген болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp