«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЖЫЛЫҚҚА АТТАНДЫ

Биылғы жылы Мекке мен Мәдина қалаларында қажылық ғибадатын өтеуге әлемнің түкпір-түкпірінен 9 миллион мұсылман тоғысып отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 7 пайыздай көп. Меккедегі әл-Харам мешітін қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатқанына қарамастан, мұнша адамның жиналуы таңдай қақтырады.

Өңіріміз бойынша биыл 15 адам қажылық парызын өтеуде. Солардың ішінде аудандардың үш имамы аттанып кетті.

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы қажылық сапарға аттаныс алдында олармен кездесіп, ұлық сапардың мән-мағынасы мен маңыздылығын түсіндіріп, ақыл-кеңесін айтып, сәт-сапар тілеп, игі лебізін білдірді.  

Бұл күндері өңірімізден барған болашақ қажылар кеше Арафат тауын басса, бүгін қасиетті Қағбаға тауап етіп, бұдан басқа да уәжіп пен сүннетке жататын көптеген амалдарды орындап оралады.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp