ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградталсын:
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША:
“Парасат” орденімен
Зенченко Геннадий Геннадьевич, “Зенченко және К” КС директоры, Қызылжар ауданы.
“Құрмет” орденімен
Алпысов Ерлан Сапарбекұлы, “Племзавод Алабота” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Тайынша ауданы.
Гришанов Игорь Николаевич, “АБИ-Жер” ЖШС директоры, Қызылжар ауданы.
Едіресов Қайырлы Едіресұлы, облыстық мәслихат хатшысы.
Қарымсақов Серғазы Насыбұллаұлы, “Гагарино” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Аққайың ауданы.
Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы, Айыртау ауданының әкімі.
Шкодин Василий Васильевич, “Агрохимснаб” ЖШС директоры, Есіл ауданы.
“Ерен еңбегі үшін” медалімен
Әбиев Екпін, “Екпін – 2002” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Жамбыл ауданы.
Асқаров Қазбек Зияшұлы, “Пана” шаруа қожалығының басшысы, Уәлиханов ауданы.
Гулиев Мустафа Маулиевич, “Агрофирма Приишимский” ЖШС директоры, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.
Дудов Владимир Сергеевич, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі.
Зрожевский Александр Иванович, “Зенченко және К” КС механизаторы, Қызылжар ауданы.
Жәнібеков Қайрат Сапарғалиұлы, “Жәнібеков және К” фермерлік шаруашылығының басшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы.
Кошкин Леонид Сергеевич, “Петропавл құбыр зауыты” ЖШС механигі, Петропавл қаласы.
Мұхамәдиев Ақылбек Қайырнасұлы, “Полтавское” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас агрономы, Аққайың ауданы.
Сюникаев Хасип Абдулович, “Солтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы” ММ басшысының орынбасары.
Шарапаев Дмитрий Анатольевич, “Радуга” ЖШС бас директоры, Қызылжар ауданы.
“Шапағат” медалімен
Гроот Ирина Александровна, Калиновка орта мектебінің директоры, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.
Қалиев Елемес Сәуленұлы, “Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернаты” мемлекеттік мекемесінің директоры.
Кузнецов Борис Евгеньевич, “1-ші қалалық аурухана” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны терапевтік бөлімшесінің меңгерушісі.
Шалагинова Нина Владимировна, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің “ТҚА бұзылған мүгедек балаларға арналған Петропавл үй-интернаты” КМК палата санитары, Петропавл қаласы.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен
Абдолхайымов Надим Әуезұлы, “Қазмұнайгазмаш” акционерлік қоғамының қырнаушысы, Петропавл қаласы.
Ахмәдиева Алтын Дәкеқызы, “Мамлютка санаторлық орта мектеп-интернаты” қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.
Баймолдин Серік Жатайұлы, “Агросевер” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің трактор-егістік бригадасының бригадирі, Шал ақын ауданы.
Бекиш Сергей Сергеевич, “Данияров” ЖШС механизаторы, Ақжар ауданы.
Қабдолбариев Азамат Дәрменұлы, “Вест” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тракторшысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.
Мұқанов Бейсембай Болташұлы, “Возвышенское” шаруа қожалығының малшысы, Мағжан Жұмабаев ауданы.
Сүлейменов Марат Болатұлы, “Мұнаймаш” акционерлік қоғамының станок жөндеушісі, Петропавл қаласы.
Сұрағанова Сәуле Жайлыбайқызы, Явленка орталық аудандық ауруханасы рентгенкабинетінің санитары, Есіл ауданы.
Тухватуллин Загит Гилмоллинович, “Атамекен Агро Тимирязево” ЖШС бас агрономы, Тимирязев ауданы.
Цыганов Владимир Александрович, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ энергетикалық машина жасау цехы станоктарының операторы, Петропавл қаласы.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда.
2014 жылғы 5 желтоқсан.№974