Петропавлда ересектер арасында футболдан дәстүрлі қалалық ашық біріншілік басталды. Биыл біріншілікке 16 құрама команда қатысуға тілек білдірген. Түрлі сала қызметкерлерінен құралған 300-ден астам әуесқой аяқдоп шеберлері 2,5 ай бойы шеберліктерін көрсетіп, мықты команданы анықтамақ.
Алғашқылардың бірі болып “Спартак” және “Динамо” құрамаларының ойыншылары кездесті. Есеп 1:1.
Үстіміздегі жылғы жарыстың жеңімпаздары қазан айында белгілі болмақ.