«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЛАМГЕРДІҢ КӨЗІНДЕЙ

Жамбыл ауданындағы Сәбит ауылында орналасқан С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражай өңіріміздің киелі жерлерінің картасына енген. 35 жыл ішінде мұражайдағы жәдігерлерді Қазақстанның әр түкпірінен, сондай-ақ алыс-жақын шетелден келген мыңдаған мейман тамашалады.

Музейге айналған ғимаратты 1959 жылы Сәбит Мұқановтың өзі мен оның немере ағасы Ш.Мұстафин Благовещенка ауылындағы бұрынғы ауыл көпесінің ағаштан тұрғызылған үйінен құрастырып, салған. 180 шаршы метрді алып жатқан ғимарат бес: кіреберіс, қонақ, демалыс, асхана және жазушының жеке жұмыс бөлмесінен тұрады. Жазушының жұмыс кабинеті мен тұрмыстық бөлмесі толықтай қалпына келтірілген. Музей ауласында жазушының өзі отырғызған ақ қайыңдар жайқалып өсіп тұр. Ғимараттың алдына жазушының мүсіні орнатылған.

Музей сөресіндегі жазушының жеке заттары, шығармалары, фотосуреттері, жазу құралдары, тұрмыстық бұйымдары – бәрі-бәрі біз үшін құнды. Жалпы мәдениет ошағында 700-ге жуық жәдігер сақталған. Қаламгердің бірегей қолжазбалары мен хаттарын көзіміздің қарашығындай сақтап келеміз. Бұл жәдігерлер жазушының шығармашылық жолын тереңірек түсінуге көмектеседі.

Әлия СӘРСЕКОВА,

С.Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық үй-мұражайының жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp