«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМДАНҒАНҒА ҚАУІП КЕЛМЕС

28-ші маусымда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов әкімдік жанындағы лаңкестікке қарсы комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Отырысқа қатысушылар аудандық лаңкестікке қарсы комиссиялардың жұмысының жайы және оны жетілдіру, жастар мен студенттерді діни радикалдық идеологиядан сақтандыру, сондай-ақ, комиссия қабылдаған шешімдерді жүзеге асырудың барысы туралы мәселелерді талқылады.

Күн тәртібіндегі мәселені талқылауға Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің бастығы Асқар Ақшаев, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Мүкәрам Тайжанова, М. Жұмабаев атындағы колледжі директоры Нағима Тәженова және Солтүстік Қазақстан облыстық спортқа дарынды балалардың мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Смағұл Аманов қатысты.

Айтылған ұсыныстар мен ескертпелер бойынша тиісті хаттамалар толтырылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp