«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАМҚОРЛЫҚ ҚҰШАҒЫНДА

Балалар күні мерекесінде Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектепте де жоспарлы іс-шара өткізілді. Оған “Нұр Отан” партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Владимир Витченко, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Григорий Кухарь және шаһарымыздың бірқатар білім ошақтарының оқушылары қатысты. Балаларға қамқорлық аясында өрбіген мерекелік кездесуде жоспарға сай дайындалған барлық бағдарлама жүзеге асты. Бала тәрбиесінде ұстаздың алатын орны ерекше, олар алдына келген әр баланың бойындағы қабілетін ашып, оны бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеуге қолынан келгенше аянбай еңбек етеді. Аталмыш мектепте қажырлы еңбек етіп жүрген бірқатар білікті, білімді мамандарға мерекелік іс-шарада “Нұр Отан” филиалының атынан Алғыс хаттар, грамоталар табыс етілді.

Қуаныш пен қызыққа толы мереке соңы арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp