«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қапшағай карантин аяқталғанға дейін жабылады

Қапшағай жағалауын карантин аяқталғанға дейін демалушылар үшін жабады.

Алматы облысы бас санитарлық дәрігердің міндетін атқарушы жаңа қаулыда: “Шипажайлық-курорттық нысандардың, қонақ үйлердің, демалыс орындардың қызметін 25 шілдеден 2 тамызға дейін тоқтатамыз. Демалыс кешендері орналасқан аумаққа кіреберісте блокбекеттер орнатылады”, деп мәлімдейді.

Сондай-ақ Алматы облысындағы Көлсай көлдеріне баруға тыйым салынады. Күшейтілген карантиндік шаралар аяқталғанға дейін ұлттық саябақтардың, танымал туристік және тау-кен объектілерінің (Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан) аумағына да баруға шектеу қойылды. Тек жұмыс күндері жаяу және велосипедпен серуендеуге рұқсат етіледі.


https://egemen.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp