Петропавл қалалық Мәдениет үйінің жанындағы ардагерлердің академиялық халық хорының шаңырақ көтергеніне өткен жылы 30 жыл толып еді. Жас ғұмырларының желісін үзгілері келмейтін, жанарларында жастықтың ұшқынын сөндірмейтін ардагерлер бас қосып, осы хорды ұйымдастырғанды. Қатысушыларды іріктеп алған әйгілі жетекшісі Иван Мищенко көп жылдан бері аталмыш хор ұжымына басшылық етіп келеді.
Иван Мищенко – Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
1986 жылы хорға “Халықтық” атағы берілді.
Ардагерлердің бұл концерттік ұжымының репертуарында халық әндері, соғыс тақырыбындағы шығармалар және қазіргі сазгерлердің әндері бар.
Өткен жылдың соңына таман хор өзінің құрылғанына отыз жыл толуын үлкен концертпен атап өтті. Бұл салтанатты шара жұртшылықтың, әсіресе, егделердің есінде қалды. Атап айтқанда, “Шолпан”, “Гордая прелесть осанки”, “Смуглянка”, “Земля моя добрая” сияқты әндер хорға қатысушылардың да, тыңдаушылардың да жастық шақтарын еске алдырып, болашаққа деген ұмтылыстарын ұштай түсті.
Осы концертте хор жетекшісі Иван Мищенко Валентина Шандыбина деген орындаушымен қосылып, күлдіргі ән шырқағанды.
2015 Жаңа жылды да ардагерлер хоры жақсы көңіл күймен бастағалы отыр. Өнер ұжымының бұл ұмтылысы Мәдениет үйінің құрамындағы басқа топтарға үлгі болып, оларды өмірді сүюге құлшындыра түседі. “Ардагерлер көңілі қартаймайды” деген осы да.
(Өз тілшіміз).