«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРТТАР МЕН ЖЕТІМДЕР ҮЙЛЕРІН БІРІКТІРЕ БАСТАДЫ

Қазір әлемнің бірқатар елінде қарттар мен жетімдер үйлерін біріктіру үрдісі басталды. 

 

Лондон қаласында орналасқан Nightingale House орталығы – Ұлыбританиядағы қараусыз қалған қарттар мен жетім балалар тұратын ең алғашқы орын. Мұнда олар күн сайын  бірге музыка, би, сурет салумен айналысып, әңгіме-дүкен құрып, тамақ дайындайды.Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, мұндай қарым-қатынас егде жастағылардың денсаулығына оң әсер етеді, ал  жетім балалар  мейірімге бөленеді.  

Алғаш  рет бұл тәсіл АҚШ-та қолданылыпты. Қазір Құрама Штаттарда осындай жүздеген мекеме бар екен. Бұл тәжірибе  Канада мен Аспан асты елінде де біртіндеп енгізіліп жатыр. Ал Сингапур үкіметі алдағы жылдары осындай 10 мекеме ашуды жоспарлап отырған көрінеді.

  https://www.egemen.kz/article/177233-alem-elderi-qarttar-men-zhetimder-uyin-biriktire-bastady

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp