«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАРУ ТАПСЫРҒАНДАР ҚАРАЖАТҚА КЕНЕЛМЕК

Облыстағы қару айналымын лицензиялау және бақылау бөлімшелерінің қызметкерлері биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшейтілген режімге көшті. Бір жыл бойы жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз, газды қару, атыс қаруларын өз еркімен тапсыру бойынша республикалық акция басталып кетті.

Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясы басқармасының ақпаратына сәйкес аталған қаруларды тапсырғандарға қару түріне байланысты олардың әрқайсысына сыйақы төленетін болады. Қаруларды қалалық және аудандық полиция бөлімшелеріне тапсыру қажет.

Тапсырылған қаруға тағайындалатын сыйақы мөлшерімен арнайы комиссия айналысады. Қарулардың техникалық жағдайы мынадай үш негізгі тармақ бойынша бағаланады:

– 1-санатқа жататын қару тапсырғандарға ұсынылатын құнның 90 пайызы есебінен төленеді;

– 2-санатқа жатқызылған қаруға ұсынылатын құнның 70 пайызы есебінен төлем жасалады;

– 3-санаттағы қаруға ұсынылатын құнның 50 пайызы есебінен төленбек.

Акция туралы толық ақпаратты 61-26-30 (СҚО ІІД лицензиялау және бақылау бөлімшесі), 39-48-66 (қалалық ІІБ лицензиялау және бақылау бөлімшесі) телефондары арқылы алуға болады. Ал елді мекен тұрғындары аталмыш мәселемен аудандық ішкі істер бөлімдеріне жүгіне алады.

Өткен жылы да осындай акция ұйымдастырылып, оның нәтижесінде ішкі істер органдарына 23 миллион теңгенің 609 атыс қаруы, 2 граната және 14 346 оқ-дәрі тапсырылған болатын.

Облыстық ішкі істер департаментінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp