«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚКХП АТЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ – ТҰРҒЫН СЫЗДЫҚОВ

Қазақстанның коммунистік халық партиясы атынан кезектен тыс президенттік сайлауға Тұрғын Сыздықов түсетін болды. Мұндай шешім кеше партияның кезектен тыс съезінде қабылданды.

Съезд барысында кандидатты ұсынған Парламент Мәжілісіндегі ҚКХП фракциясының жетекшісі Владислав Косарев: «Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат ретінде Тұрғын Сыздықовты ұсынғым келеді. Тұрғын Сыздықов 1944 жылы Көкшетау облысында дүниеге келген. 1974 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық жастар одағы жанындағы жоғары партия мектебін бітірген. 1984 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тамамдаған. Ол Ақмоладағы «Целингидромаш» мекемесінде жұмыс істеген. Содан кейін Кеңес армиясы қатарында болып, кейін кәсіптік-техникалық училищенің комсомол комитетін басқарған. Жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін комсомол, аудандық партия комитетінің хатшысы, одан кейін бірқатар кеңшарлардың партия комитетінің хатшысы болып істеді. Чистополь аудандық партия комитетінің екінші хатшысы болды», – деді.

«ҚазАқпарат».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp