Қыркүйектің 28-і күні 20 сағат 36 минутта 101 телефонына Петропавл қаласындағы Ярослав Гашек көшесі, 1 мекенжайында ангар тәрізді (сэндвич-панельді) қоймадан өрт шыққаны туралы жедел хабар түсті. Аталған нысанда құрылыс материалдары сақталады екен.
Төтенше жағдай орнына алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде қойманың жоғарғы қабаты жалындап жанып, қою түтін шығып жатты. Аталған төтенше жағдайды жою үшін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” ММ-нің Петропавл қалалық өрт сөндіру бөлімдері, “Өрт сөндіруші” АҚФ бөлімшесі мен Оңтүстік Орал темір жолы Петропавл станциясының ведомстволық өрт сөндіру командасының жеке құрамдары, барлығы 13 техника мен жеке құрамның 63 адамы жұмылдырылды. Сонымен қатар, өртті сөндіруге “Қызылжар су” ЖШС-нің 3 техникасы да қатысты. Өртті сөндіру 3 жауынгерлік учаскеден жүзеге асырылды. Өрт орнынан өртсөндірушілер 2 оттегі баллоны мен 4 газ баллонын, тауарлы-материалдық құндылықтарды алып шықты.
00 сағат 22 минутта өрт ошағы толығымен жойылды.
Өрт салдарынан тұрмыстық бөлменің 60 шаршы метр төбе жабыны жойылып, қойманың қабырғаларын жылытуға қолданылған сэндвич-панельдердің 240 шаршы метрі бүлінді. Өрттің жалпы аумағы 300 шаршы метрді құрады.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірген зиянының мөлшері анықталуда.
Наталья ПОПОВА,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметінің бас маманы.