«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛДЫ БОЛҒАН ВЕЛОСИПЕД ҚАЙТАРЫЛДЫ

Үйлердің подъездерінде қараусыз қалдырылатын шаналар, балалардың қоларбасы, велосипедтер ұрылардың оңай олжасына айналып жатады. Жыл басынан бері Петропавлда осындай 11 ұрлық тіркелді.

Облыс орталығының тұрғыны Жәлел Қизатов көшесіндегі үйдің подъезінен «Forward» жасөспірімдер велосипеді қолды болғанын айтып, полицияға жүгінді. Подъезд бейнекамералармен жарақталғандықтан, ұры сол күні ұсталды. Ол бұған дейін де осы тектес қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 40 жасар қала тұрғыны болып шықты. Ол ұрланған мүлікті иесіне қайтарып, жәбірленушімен келісімге келуді ұсынды.
Әдетте, қаскөйлер жаңа салынған үйлердің подъездеріне енуге ұмтылады. Өйткені мұндай үйлердің кең баспалдақ алаңдары велосипед, шана, қол арба қоюға ыңғайлы. Домофон орнатылған подъездерге кірудің кең таралған әдісі – кез-келген пәтердің нөміріне қоңырау шалып, есік ашуын өтіну. Бірақ бүгінде петропавлдықтар бейтаныс адамдардың кім екенін және қай пәтерге баратынын сұрастырып алмайынша, бейсауат жүргендерге есік аша қоймайды. Сондықтан қылмыскерлер енді тұрғындар қашан есікті ашатынын күтіп, олардың соңынан ілесе кіретінді шығарды», – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу жөніндегі бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Ерболат Каптаев.
Жер үйлердің ауласындағы заттар бірден қылмыскерлердің көзіне түседі. Кейде қаскөйлер қора-қопсыға да түсіп жатады. Әдетте, ұрлық түнде орын алады, 11 ұрлықтың біреуі ғана күндіз жасалған. Оның бесеуі ашылды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp