«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРДАЛАНҒАН ҚАРЫЗЫН ӨТЕМЕЙ КЕЛГЕН борышкерлердің баспанадан айрылатын түрі бар

Қызылжар өңірінде коммуналдық төлемдер бойынша қарызға белшеден батқан тұрғындар саны азаймай отыр. Қазір олардың берешегі 400 миллион теңгені құрап, сот органдарына 452 талап-арыз жолданған.

“Севказэнергосбыт” ЖШС-нің басқарма басшысы Рүстем Рамазановтың айтуынша, берешек төлемдер үшін жыл басынан бері екі мыңға жуық пәтер электр қуатынан ағытылған. Бірақ дүние-мүлкін тәркілеу, шетелге шығуға тыйым салу секілді қолданылған шараларға қарамастан, коммуналдық қарыздардың кемитін түрі байқалмайды. Міндетті төлемнен жалтарып, неше түрлі қулықтарға баратындар бірнеше мәрте әшкереленген. Олардың арасында электр қуатын заңсыз қосып алғандар жиі кездесетін көрінеді. Петропавл қаласының бір тұрғыны он жылдан бері есеп айырыспай келген. Жеті адамның қарызы жарты миллион теңгеден асқан.

Енді сот орындаушылар коммуналдық қызмет көрсететін кәсіпорындармен бірлесе қимылдап, тығырықтан шығудың қатаң жолдарын қарастыруға көшкен. Заң аясында ықпал жасау өз нәтижесін біртіндеп бере бастаған секілді. Мәселен, сот шешімімен бір тұрғынның дүние-мүлкі тәркілене бастағаны сол екен, 450 мың теңге қарызын қолма-қол төлеген.

Бүгінде үш тұрғынның пәтерінен айрылатыны белгілі болып отыр. Олардың кебін тағы төрт тұрғын киюі мүмкін.

Өмір ШАЛАБАЙҰЛЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp